Құрметті ата-аналар!!!

2023 жылғы 10-14 ақпан аралығында медициналық профилактикалық тексеру шеңберінде ҚР ДСМ 15.12.2020 ж. №264 бұйрығына сәйкес «Қалалық емханасы» ШЖҚ МКК қызметкерлері емхананың қызмет көрсету аумағындағы мектепке дейінгі ұйымдарға педиатр мен стоматологтың баруын қамтамасыз етеді.
Мамандардың тексеру деректері, бойы, салмағы Даму мед ақпараттық жүйеге енгізіледі.
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ" ШЖҚ МКК