Бүгін, 23 қазанда, ШЖҚ МКК «Қалалық емханасында» Қазақстан Республикасының Республика күніне орай салтанатты іс-шара өтті!
Мереке Отанымызға деген құрметімізді білдіруге, бірлік, бейбітшілік пен келісім құндылықтарын дәріптеуге, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесін атап өтуге тамаша мүмкіндік болды.
✨ Еліміз өркендеп, әр шаңырақта бейбітшілік, береке мен бақыт салтанат құрсын!
Тамаша мерекелік іс-шараны ұйымдастырып, өткізгені үшін КДО № 2 бөлімшесіне зор алғысымызды білдіреміз!
Қазақстан Республикасының Республика күні құтты болсын!
