✨ Жастардың денсаулығына деген қамқорлық ақпараттандырудан басталады!
Бүгін «Қалалық емханасы» ШЖҚ МКК жанындағы Жастар денсаулығы орталығының мамандары Жоғары медициналық колледждің 1-курс студенттерімен интерактивті профилактикалық кездесу өткізді.
Кездесу барысында студенттер Жастар денсаулығы орталығының қызметімен танысып, оның мақсаты мен негізгі қағидаттары туралы білді. Сондай-ақ жасөспірімдер мен жастардың қандай тегін, құпиялылық сақталатын және қолжетімді қызметтерді ала алатыны түсіндірілді.
Кездесудің басты тақырыбы – жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу. Мамандар репродуктивті денсаулық, жеке жауапкершілік, саналы шешім қабылдаудың маңыздылығы және жас кезден бастап өз денсаулығын сақтаудың қажеттілігі туралы әңгімелесті.
Кездесу белсенді әрі ашық диалог форматында өтті. Студенттер талқылауға қызығушылықпен қатысып, көптеген сұрақтар қойып, мамандардан пайдалы жауаптар мен ұсыныстар алды.
Жоғары медициналық колледжге ынтымақтастық пен жылы қабылдау үшін алғысымызды білдіреміз! Жастардың денсаулығы мен әл-ауқатын нығайту жолындағы серіктестігіміз маңызды қадам болады деп сенеміз.

