Жасөспірімдердің денсаулығы — біздің ортақ басымдығымыз!
«Қалалық емханасы» ШЖҚ МКК жанындағы Жастар денсаулық орталығының мамандары № 21 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушыларына интерактивті дәріс өткізді.
ПсихологЖетенова Бибигуль Нургалиевна мен акушер-гинеколог Әбсатарова Айдана Ердосовна жеке гигиена, репродуктивті денсаулық, жасөспірімдер жасының ерекшеліктері мен салауатты өмір салтын талқылады.
Қыздар пайдалы ақпараттар, мамандардың кеңестерін алып, Жастар денсаулық орталығының мүмкіндіктері — сенім, қолдау және жастардың денсаулығына қамқорлық көрсету аймақтары туралы білді.
