Медицина қызметкерлері оқытылды.
Оқыту шеңберінде медициналық көмек көрсету тәртібі мен стандарттарын сақтау, кәсіби жауапкершілік, сондай-ақ медициналық құжаттаманы және КМАЖ дұрыс жүргізу мәселелері қаралды.
Медициналық іс-қимылдарды: тексерулерді, зерттеулерді, тағайындауларды, динамикалық бақылауды, пациенттердің өтініштерін және медициналық көмектен бас тартуды уақтылы, толық және дұрыс белгілеуге ерекше назар аударылды.
Дұрыс құжаттандыру — бұл заңнаманың талабы, медициналық көмектің сапасы мен сабақтастығының негізі және медицина қызметкерін құқықтық қорғаудың маңызды элементі.
