Вакцинация — жұқпалы аурулардан сенімді қорғау!
Біздің емхананың медицина қызметкерлері халықты вакцинациялаудың маңыздылығы туралы ақпараттандыру мақсатында аулаларды аралайды.
Аралау кезінде мамандар ата-аналармен әңгімелеседі, сұрақтарға жауап береді, егу мәртебесін нақтылайды және балалар мен ересектерді уақтылы иммундау қажеттігі туралы ескертеді.
✅Вакцинация әрбір адамның денсаулығын қорғауға көмектеседі және вакцинамен басқарылатын инфекциялардың таралу қаупін төмендетеді.
Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз — уақтылы екпе жасаңыз!
