2026 жылғы 25 маусымда «Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күні» аясында Жастар денсаулық орталығының маманы Б.Н.Жетенова зағип және нашар көретін азаматтарына арналған арнайы кітапханада ақпараттық-ағартушылық кездесу өткізді.
Шара барысында жасөспірімдер мен кітапхана оқырмандарына «Нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру» тақырыбында интерактивті дәріс өткізілді.
Қатысушылар тәуелділіктің пайда болу себептерімен, психоактивті заттарды қолданудың физикалық және психикалық денсаулыққа кері әсерімен, сондай-ақ денсаулықты сақтауға және жауапты мінез-құлық дағдыларын дамытуға ықпал ететін факторлармен танысты.
Әңгімелесу барысында өмірлік құндылықтарды қалыптастыру, қоршаған ортаның теріс әсеріне қарсы тұру және психологиялық және медициналық көмекке уақытылы жүгінудің маңыздылығы мәселелері талқыланды.
👬 Қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, ұсынылған жағдайларды талқылауға қатысты.
Өткізілген іс-шара жасөспірімдер мен халықтың есірткіге тәуелділік мәселесі мен оның алдын алу шаралары туралы хабардар болуын арттыруға ықпал етті.
