📌Қалалық емханада ЖИТС орталығының маманы, эпидемиолог-дәрігер Г.Ж. Сиражеденованың қатысуымен АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша семинар өткізілді.
Семинар барысында АИТВ-инфекциясының алдын алудың өзекті мәселелері, жұқтыру жолдары, қорғау шаралары, сондай-ақ халықты уақытылы тексеру және хабардар етудің маңыздылығы қаралды.
Мұндай іс-шаралар медицина қызметкерлерінің білім деңгейін арттыруға және халық арасында профилактикалық жұмысты нығайтуға ықпал етеді.
Денсаулық өзіне және айналасындағыларға деген хабардарлықтан және жауапкершіліктен басталады.

