🌷💉👩⚕️Бүгін Халықаралық мейірбике күніне орай біздің емханада пациенттерге күн сайын қамқорлық, мейірімділік және кәсіби көмек көрсететін мейірбикелерге арналған мерекелік концерт өтті.
Мейірбике — бұл жай ғана мамандық емес, мейірімділікті, шыдамдылықты және үлкен жауапкершілікті талап ететін мамандық. Дәл осы мейірбикелер ең маңызды сәттерде пациенттердің қасында болып, оларды жылы сезіммен және қамқорлықпен қолдап отырады.
Іс-шара барысында қажырлы еңбегі, өз ісіне адалдығы және жоғары кәсібилігі үшін мейірбикелерге жылы лебіздер мен алғыстар айтылды. Мерекелік атмосфера музыкалық номерлер мен шығармашылық қойылымдармен безендірілді.
Мейіргерлерімізге күнделікті еңбегі, халық денсаулығына деген қамқорлығы үшін шын жүректен алғыс айтамыз! Мықты денсаулық, бақ-береке, бақыт және жұмыста табыс тілейміз!
Мерекелік концерт үшін #2 МСАК орталығына рахмет.
Құрметпен, «Қалалық емханасы» ШЖҚ МКК ұжымы.
