Cеминар

📌8 сәуірде «Қалалық емханасы» ШЖҚ МКК-ның гастроэнтеролог дәрігері А.С. Кауашева бауыр ауруларының алдын алу және емдеуге арналған танымдық семинар өткізді.
Кездесу барысында қатысушыларға қауіп-қатер факторлары, бауыр ауруларының алғашқы белгілері, сондай-ақ денсаулықты сақтау үшін уақытылы диагностикалау, дұрыс тамақтану және салауатты өмір салтының маңыздылығы туралы айтылды.
Семинар соңында қатысушылар онлайн-викторинаға қатысып, өз білімдерін тексерді. Ең белсенді және эрудициялы қатысушылар естелік сыйлықтарға ие болды.
Мұндай іс-шаралар халықтың денсаулығы туралы хабардарлығын арттырып, өзіне және жақындарына қамқорлық жасауға ынталандырады.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ" ШЖҚ МКК