📌«Қалалық емханасы» ШЖҚ МКК-ның Денсаулық мектебінде мамандар дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден бас тарту және аурулардың алдын алу туралы пациенттермен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
✔️Әңгімелесу кезінде мамандар пациенттерге:
* үйлесімді және дұрыс тамақтану қағидаттары туралы;
* темекі шегудің және алкогольді шамадан тыс тұтынудың зияны туралы;
* салауатты өмір салты көптеген аурулардың дамуын болдырмауға қалай көмектесетіні туралы;
* жүйелі профилактикалық тексерулер мен скринингтердің маңыздылығы туралы.
🔹Пациенттер салауатты әдеттерді қалыптастыру бойынша пайдалы кеңестер алып, мамандарға өздерін қызықтыратын сұрақтар қояды.
🔹Денсаулық дұрыс әдеттерден және өзінің өмір салтына саналы түрде қараудан басталады. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз!

