🎤 Бүгін «Қалалық емханасы» ШЖҚ МКК жанындағы Жастар денсаулық орталығының мамандары — акушер-гинеколог А.Е.Әбсатарова мен психолог Б.Н.Жетенова М.Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясының 9-11 сынып оқушы қыздары үшін интерактивті дәріс өткізді.
Кездесу барысында өзекті және маңызды тақырыптар қарастырылды: 🪇Жасөспірімнің жеке гигиенасы».
🪇Қыздардың репродуктивті денсаулығы».
🪇Психолог сондай-ақ оқушыларды Жастар денсаулық орталығының қызметімен таныстырып, ақпаратты жақсы меңгеру үшін тренингтік жаттығулар өткізді.
🪇Дәріс тікелей диалог форматында өтті. Оқушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, ұсынылған тақырыптар пайдалы әрі танымдық болғанын атап өтті.🔥

