ОСМС

❓Қандай жағдайда дәрігерді үйге шақыруға болады?

Медицина қызметкерін емханаға баруға мүмкіндік болмаған кезде үйге шақыруға болады.

Медбике немесе фельдшер:
— Дене қызуы 38°С-қа дейін көтерілсе;
— Қан қысымы жоғарылап, бірақ жалпы жағдайы қалыпты болса;
— Есінен танбаған немесе қан кетпеген, жағдайы күрт нашарламаған  жарақаттар мен аурулар кезінде пациенттің үйіне барады.

Ал учаскелік дәрігер:
— Егер тіркеу бөлімі немесе медбике пациенттің жағдайын дәрігердің тексеруі қажет деп бағаласа;
— Вакцинадан кейін жағдайы нашарлаған сәтте үйге келеді.

Бұдан бөлек, 5 жасқа дейінгі балалар, жүкті және босанған әйелдер, 65 жастан асып, өздігінен емханаға келе алмайтын адамдар жағдайы нашарлаған кезде үйде қаралады.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ" ШЖҚ МКК