🎯Бүгін «Қалалық емханасы» ШЖҚ МКК жанындағы Жастар денсаулық орталығының мамандары — акушер-гинеколог А.Е.Әбсатарова және психолог Б.Н.Жетенова № 9 жалпы білім беретін мектептің 8-11 сынып оқушыларына интерактивті дәріс өткізді.
🎯 Кездесудің тақырыбы «Жастар денсаулық орталығының қызметі, нашақорлықтың, вейптің, кальянның алдын алу», «Жеке гигиена, жыныстық қолсұқпаушылық, жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығы» болды.
Іс-шара тікелей диалог форматында өтті, бұл қатысушыларға еркін сұрақтар қоюға және мамандардан білікті жауаптар алуға мүмкіндік берді. 🎯Аталған мектептің ұйымдастырушыларына осы іс-шараға жауапкершілікпен қарағаны үшін алғыс айтамыз».

