📌2025 жылғы 26 тамызда Көкшетау қаласындағы «Қалалық емхана» ШЖҚ МКК-де учаскелік қызметтің медицина қызметкерлері арасында инфекциялық және паразитарлық ауруларды бақылау бөлімінің басшысы Жанна Сабированың қатысуымен иммунопрофилактика, халықты жоспарлы профилактикалық екпелермен қамту мәселелері бойынша семинар өткізілді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауынша, иммундау жыл сайын әлем бойынша 2-3 миллион өлім жағдайының алдын алуға мүмкіндік береді. В гепатитіне қарсы жаппай иммундаудың арқасында осы инфекцияның жіті түрімен ауырған балалар саны бірлі-жарым жағдаймен шектеліп отыр. Дифтерия, сіреспе, көкжөтел және басқа да вакцинамен басқарылатын инфекциялар көрсеткіші айтарлықтай төмендеді.
Семинар барысында тіркелген халықтың регистрі негізінде егілетін мақсатты топтарды ескере отырып дұрыс жоспарлауға қойылатын талаптар қарастырылды, сондай-ақ қала халқы арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізу мәселелері айтылды.
Семинар қорытындысы бойынша қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.

