Ұлттық комиссия

Ұлттық комиссия мүшелері Муслим Хасенов пен Татьяна Миронюк 4–5 тамызда Ақмола облысына (Көкшетау, Атбасар, Зеренді, Бурабай) жұмыс сапарымен барып, жергілікті атқарушы органдармен және волонтерлермен кездесті. Мақсат — Отбасыны қолдау және Жастар денсаулығы орталықтарының жұмысымен танысу, әйелдердің құқықтарын қорғау және балалардың қауіпсіздігі бойынша заңнаманы түсіндіру.

Облыста 2 Жастар денсаулығы орталығы, 1 психологиялық қолдау орталығы, 4 дағдарыс орталығы және 7 отбасыны қолдау орталығы жұмыс істейді. Сапар қорытындысында кадр тапшылығы мен еңбекақының төмендігі сияқты мәселелер анықталып, оларды шешуге ұсыныстар берілді.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ" ШЖҚ МКК