Регистрация прижизненного отказа или согласия на посмертное донорство органов (части органа) и (или) тканей (части ткани) в целях трансплантации

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-308/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 22 желтоқсанда № 21859 болып тіркелді.
Трансплантаттау мақсатында ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығынан тірі кезінде бас тарту немесе келісім алуды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
Медициналық — санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымы.
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері
1) Мемлекеттік қызметті медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар;
2) «электрондық үкімет» веб — порталы
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы көрсету мерзімі 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
2) портал арқылы-құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 15 (он бес) минуттан аспайды;
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны
Электрондық (ішінара автоматтандырылған) /қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі
Осы мемлекеттік көрсетілетін қызметке 1– қосымшаға сәйкес нысан бойынша ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығынан тірі кезінде бас тартуды тіркеу туралы анықтама;
Осы мемлекеттік қызметке 2– қосымшаға сәйкес нысан бойынша ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығына тірі кезінде келісімді тіркеу туралы анықтама.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
Көрсетілетін қызметті берушіге:
1) көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде жеке басын куәландыратын құжат не жеке басын сәйкестендіру үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді.
1) мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда көрсетілген деректердің (мәліметтің) дәйексіздігінің анықталуы;
2) нақты медициналық — санитариялық алғашқы көмек ұйымына бекітілмеуі.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ" ШЖҚ МКК