👩⚕️21.11.2024 ж. Жастар денсаулық орталығының мамандары психолог Б.Н. Жетенова, дәрігер акушер — гинеколог С.А.Изахметова оқушылардың репродуктивті денсаулығы, жыныстық дамуы және қауіпсіздігі туралы дәріс өткізді.
🩸Дәрігер жыныстық жетілу кезінде қыздардың денесінде болатын физиологиялық өзгерістер туралы айтып, дұрыс гигиенаның негіздерін түсіндірді, сонымен қатар маңызды тақырыпқа — жеке кеңістік пен жыныстық қол сұғылмаушылық шекараларына назар аударды.
🩸 Қыздар талқылауға белсенді қатысып, күнделікті өмірде оларды толғандыратын тақырыптарды көтерді.